02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  №743

321 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 маусым, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 31 шілде №588 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына және 13-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/179 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 298 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7218 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 353-354 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Туризм индустриясы департаменті (Т.Т.Дүйсенғалиев): 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице–министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі ______________Ә. Исекешев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысы ______________ Т. Жақсылықов «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ______________ С. Айтпаева 2015 жылғы 27 шілде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №743 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 шілдедегі №588 бірлескен бұйрығы Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер 1. Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1)-тармағы 2) тармақшасына сәйкес туристік қызмет саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекел көрсеткіштерін анықтау үшін әзірленген. 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы. Тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері. Туристік қызмет саласындағы тексерілетін субъектілер (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) – туристік операторлар, туристік агенттер, гидтер (гид-аудармашылар), экскурсия жетекшілері және туристік нұсқаушылары. 3. Критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады. 2. Объективті критерийлер 4. Туристік қызмет саласындағы тәуекел саяхаттау кезінде, үшінші елдерге азаматтардың қауіпсіздігін бұзуға әкелетін, заңсыз көші-қон және транзиттеу, сексуалдық, еңбек ету және өзгеше пайдалану мақсатында туризмді пайдаланған кезінде туристердің өміріне немесе денсаулығына, олардың мүлкінің сақталуына, қоршаған ортаға, зиян келтіру ықтималдығын білдіреді. 5. Туристік әрекет саласында жоғарғы тәуекел дәрежелеріне туристік операторлықты жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар, туристік агенттер, гидтер, (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсия жетекшілері жатады. Жоғарғы тәуекел дәрежелеріне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қарасты таңдау, жоспардан тыс және бақылаудың өзге нысанындағы тексерулер жүргізіледі. 3. Субъективті критерийлер 6. Субъективті критерийлерді айқындау: Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау. Ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. 7.Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады: Тексерілетін субъектімен ұсынылатын, және автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен жүргізілетін есептік мониторингінің нәтижелері. Бұрынғы тексерулер және бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері (бұзу ауырлығының дәрежесі (өрескел, елеулі, елеулі емес) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді). Тексерілетін субъектінің кінәсі бойынша пайда болған оқиға туралы ақпараттың мемлекеттік органдардан түскен өзге ақпараттың болуы. Тексерілетін субъектілерге жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштерің болуы және саны. 8. Критерийлердің 7-тармағында анықталған ақпарат көздерің негізінде осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес субъективті критерийлер айқындалады. «Бұрынғы тексеру нәтижелері» ақпарат көзі бойынша Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері талаптардың мынадай ауырлық дәрежелеріне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеулі емес. Өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талап 100 көрсеткішке теңеседі және ол ішінара тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Егер өрескел дәрежедегі талаптардың бұзылуы анықталмаған кезде, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі дәрежелердің жиынтық көрсеткіштері есептеледі. Елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7 мұндағы: ΣРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші; ΣР1 – елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны, тексеруге (сараптауға) ұсынылатын тексеру субъектін (объектіне) қойылатын талаптар; ΣР2 – елеулі дәрежедегі талаптардың бұзушылықтар (индикаторлар) саны. Елеулі емес дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3 мұндағы: ΣРн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші; ΣР1 – елеулі емес дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны, тексеруге (сараптауға) ұсынылатын тексерілетін субъектіге (объектіге) қойылатын талаптар; ΣР2 – елеулі емес дәрежедегі талаптардың бұзушылықтар (индикаторлар) саны. Тәуекел дәрежедегі жалпы көрсеткіші (ΣР) 0 ден 100 дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді мына формула бойынша жиынтықтау арқылы анықталады: ΣР = ΣРз + ΣРн мұндағы: ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші; ΣРн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші; Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъектілерге мыналар жатады: Жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 60 тан 100 дейінгі көрсеткіш кезінде оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесі 0 дан 60 дейінгі көрсеткіш кезінде оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді. 4. Қорытынды ережелер 9. Ішінара тексеру жүргізу еселігі бір жылда бір ретті құрайды. 10. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін субъективті критерийлер бойынша алынған мәліметтерге жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша (жартыжылдыққа) қалыптастыратын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Тәуекелдер дәрежесін тандау және бағалау кезінде субъектіге (объектіге) қарасты бұрын есептелген және пайдаланған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды. 11. Ішінара тексеру тізімдері: Субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын; Мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады. Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтаулуын тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлеріне қосымша Туристік нарық субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективтік критерийлері р/с № Критерийлер Бұзушылық дәрежелері 1 2 3 1. Тексерілетін субъектімен ұсынылатын, оның ішінде мемлекеттік органдармен, мекемелермен және салалық ұйымдармен автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы есептік мониторинг нәтижелері 1 Жосықсыз, дұрыс емес, әдепсіз көрінеу жалған және жасырын жарнама елеулі емес 2 Туристік агенттің, гидтің (гид-аудармашының), экскурсия жетекшісінің немесе туризм нұсқаушысының қызметін жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаның болмауы өрескел 2. Алдыңғы тексерулердің және бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеулі емес) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағанда белгіленеді) 1 Туристік оператор қызметіне лицензияның туристік агенттің, гидтің (гид-аудармашының), экскурсия жетекшісінің немесе туризм нұсқаушысының қызметін жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаның болуы өрескел 2 Облыстың, республикалық маңызды қалаға, астананың жергілікті атқарушы органына, туристік агент үшін – шарт жасалған (қайта жасалған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалған туристік агенттің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (қайта жасалған) шарттың бар болуы туралы ақпараттың жіберілуін растаудың болуы өрескел 3 Туристік оператор және туристік агент үшін – туристік оператордың және туристік агенттің аза­­маттық – құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандырудың қолданыстығы шартын бар болуы өрескел 4 Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың бар болуы өрескел 5 Туристік оператор үшін – қалыптасқан туристік өнімнің бар болуы елеулі 6 Туристік агент және туроператор үшін – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес туристік өнімді өткізуге агенттік шарттың болуы өрескел 7 Туристік оператор үшін – туристік білімі бар, жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, бір адамнан кем емес жұмыскердің бар болуы елеулі 8 Туристік оператор үшін – меншік құқығы бар немесе өзге заңды негізде кеңсе үшін үй – жайдың бар болуы елеулі 9 Гид (гид – аудармашы), экскурсия жетекшісі және туризм нұсқаушысы үшін – Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласында дайындықтан өткені туралы сертификаттың болуы елеулі 10 Туристерге елге (орынға) келу, кету, уақытша болу қағидалар туралы заңнамасы туралы, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни салттары, киелі жерлері, ерекше қорғауға алынған табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштері және ерекше қорғауда тұрған, басқа туристік көрсету объектілерді қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат барысында оларға кездесетін және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру алатын қауіптер туралы саяхат ерекшеліктері туралы, қажетті және дұрыс ақпаратты туралы жазбаша растаудың болуы (туристік жадынама) өрескел 3. Тексерілетін субъектінің кінәсі бойынша болған оқиға туралы ақпараттың, және мемлекеттік органдардан түскен өзге ақпараттың болуы 1 Мемлекеттік органдардан түскен Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы расталған ақпараттың болуы өрескел 4. Тексерілетін субъектілерге жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны 1 Құқығы бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың және өтініштердің болуы елеулі Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11866 болып енгізілді.